Отандасымыз мансабындағы үшінші «Үлкен дулыға» жүлдесін иеленді
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина US Open-2026 турниріндегі жеңісі үшін 5,5 миллион доллар көлемінде сыйақы алды. Бұған дейін теннис тарихында бір жарыстың жеңімпазына мұндай көлемде сыйақы берілмеген.
Нью-Йорктегі финалда Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңді. Осылайша, қазақстандық спортшы алғаш рет US Open чемпионы атанып, мансабындағы үшінші «Үлкен дулыға» жүлдесін иеленді.
Турнирдің ресми мәліметі бойынша, финалда жеңілген Соболенкоға 2,8 миллион доллар төленді. Биыл US Open жарысының жалпы жүлде қоры 108 миллион долларға жетті.
Рыбакина бұған дейінгі жеке рекордын да жаңартты. Ол 2025 жылғы WTA қорытынды турниріндегі жеңісі үшін 5 миллион 235 мың доллар алған еді.
Қазақстандық теннисші 2026 жылы Australian Open мен Штутгарттағы турнирде де топ жарды. US Open-дегі жеңісінен кейін Рыбакина WTA рейтингінде алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанады.