Соболенко матч аяқталған соң ракеткасын сындырып, балағат сөз айтқан
Беларусь теннисшісі Арина Соболенко US Open — 2026 финалынан кейінгі әрекеті үшін жазалануы ықтимал.
Елена Рыбакинадан жеңілген Соболенко матч аяқталған соң ракеткасын сындырып, өзін жақыннан түсірмек болған операторларға балағат сөздер айтқан. Осылайша ол «Үлкен дулыға» турнирлерінің екі ережесін бұзды.
Жарыс тәртібіне сәйкес, ракетканы сындырғаны үшін салынатын айыппұл жағдайдың ауырлығына қарай 50 мың долларға дейін жетуі мүмкін. Ал бейәдеп сөз қолданғаны үшін әдетте 3–5 мың доллар көлемінде жаза қарастырылған.
Көп жағдайда нақты айыппұл ең жоғары мөлшерден аз болады. Алайда Соболенконың мұндай әрекетке бұрын да барғаны ескерілуі мүмкін. Ол 2025 жылғы Australian Open финалынан кейін де ракеткасын сындырған. Ал 2023 жылғы US Open шешуші кездесуінен соң киім ауыстыратын бөлмеде бірнеше ракетканы бүлдірген еді.
US Open финалында Рыбакина Соболенконы 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңді. Осы нәтижеден кейін қазақстандық теннисші 9901 ұпаймен WTA рейтингінің көшіне шығып, алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанды.