Новак Джокович әлемдік рейтингте 123-орында тұрған теннисшіден жеңіліп қалды

Редактор
12.03.2024, 11:33

Бұрын-соңды Джокович рейтингі осыншама төмен теннисшіден жеңілмеген еді

GoTennis.ru

Әлемнің бірінші ракеткасы серб Новак Джокович Индиан-Уэллс турнирінде үшінші айналымнан аса алмады.

Италиялық Лука Нардимен (123-орын) кортқа шыққан Джокович 4:6, 6:3, 3:6 есебімен жеңіліп, жарыстың басты сенсациясын жасады. Матч 2 сағат 20 минутқа созылды.

Осылайша, серб теннисшісі өз антирекордын жаңартты. Бұған дейін ол «Мастерс» және «Үлкен дулыға» сериясындағы турнирлерде рейтингі осыншама төмен теннисшіден жеңіліп көрмеген.

Айта кету керек, Новак Джокович Индиан-Уэллс турнирін бес рет жеңіп алған (2008, 2011, 2014, 2015, 2016).

Бүгін аталған жарыста қазақстандық Юлия Путинцева да өз бағын сынайды. Алғашқы екі айналымды жеңген жерлесіміз әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекпен кортқа шығады.