Юлия Путинцева Miamai Open турнирінде сенсация жасады

Редактор
22.03.2024, 11:02

Оның келесі қарсыласы – бельгиялық Грет Миннен

Getty Images

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева (әлемнің 68-ракеткасы) WTA 1000 - Miami Open турнирінің үшінші айналымына шықты. Екінші кезеңде ол әлемнің 15-ракеткасы – ресейлік Людмиоа Самсонованы жеңді.

Матч 2 сағат 23 минутқа созылып, 6:1, 4:6, 6:3 есебімен аяқталды. Путинцева осы үш сетте екі рет эйс жасап, бірде-бір дабл-фол жасаған жоқ, 14 брекй-пойнттың алтауын жүзеге асырды.

Бұл қос теннисшінің арасындағы алғашқы кездесу. Путинцева енді 1/8 финалға шығу үшін бельгиялық Грет Минненмен (№79) кортқа шығады. 

Айта кету керек, Миннен бірінші айналымда украиналық Леся Цуренкодан жеңіліп қалған болатын. Алайда, чех теннисшісі Барбора Крейчикова жарыстан шығып кеткендіктен Минненге екінші мүмкіндік беріліп отыр.