Оның келесі қарсыласы – америкалық Тэйлор Таунсенд
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA 1000 - Miami Open турнирінің үшінші айналымына шықты. 1/16 финалда жерлесіміз дат қызы Клара Таусонды жеңді.
Айта кету керек, бірінші сетте Таусон 6:3 есебімен жеңіске жеткен. Алайда, Рыбакина қалған екі сетте камбэк жасап, 7:5, 6:4 есебімен қарсыласын тізе бүктірді
Матч 2 сағат 26 минутқа созылды. Осы уақытта қазақстандық теннисші бес эйс, бес дабл-фол жасады. Сонымен қатар, 12 брейк-пойнттың бесеуін сәтті жүзеге асырды.
Рыбакина үшінші айналымда америкалық Тэйлор Таунсендпен (№72) кортқа шығады.