Елена Рыбакина Майамидегі турнирдің 1/8 финалына шықты

Редактор
24.03.2024, 11:20

Ойын 2 сағат 26 минутқа созылды

Фото: GETTY IMAGES

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Майамидегі (WTA-1000) беделді турнирдің 4-айналымына шықты. 

1/16 финалдық кездесуде әлемнің 4-ракеткасы Рыбакина WTA рейтингінде 72-орында тұрған америкалық Тейлор Таунсендпен кездесті.

Ойын 2 сағат 26 минутқа созылды. Екінші сетте Рыбакина тай-брейкте жеңіліп, үшінші шешуші сетте жеңіске жетті. Кездесу 6:3, 6:7, 6:4 есебімен қазақстандық ойыншының пайдасына аяқталды.

Келесі айналымда ол әлемнің 18-ші ракеткасы американдық Мэдисон Киспен ойнайды​.

Майамидегі турнир 19-30 наурыз аралығында өтеді. Оның жалпы жүлде қоры 8,9 миллион доллар. Турнирдің қазіргі жеңімпазы өткен жылы финалдық кездесуде Елена Рыбакинаны ұтқан чехиялық Петра Квитова.