Зарина Диас ұзақ үзілістен кейін Жапония турниріне қатысатын болды

Редактор
28.03.2024, 13:45

Ол биыл 31 жасқа толады

instagram.com/zarinadiyas/

Отандық теннисші Зарина Дияс ұзақ үзілістен кейін кортқа қайта оралды. Ол Жапонияда өтетін W50 KASHIWA KASHIWA OPEN турниріне қатысуды көздеп отыр.

Айтулы жарыс сәуір айының басында өтеді. Қазақстандық теннисші екі жылдан астам уақыттан бері үзілістен соң алғаш рет сынға түсуге бекінген.

Сондай-ақ, Зарина Диас 12-13 сәуірде жапон жерінде өтетін Билли Джин Кинг кубогында да ел намысын қорғамақ. Он жылға жуық уақыт бұрын әлемдік рейтингте 31-сатыға дейін көтерілген Зарина соңғы рет 2017 жылы Токио WTA турнирінде топ жарған болатын.

Кейін бірнеше сәтсіздіктен кейін оның рейтингтегі орны төмендеп, араға уақыт салып отандасымыз жарыстардан тыс қалды.