Ол өз жеңілісіне жарыс ұйымдастырушыларын кінәлап отыр
Қазақстандық теннисші, әлемнің 4-ші ракеткасы Елена Рыбакина Мексиканың Канкун турнирінде АҚШ спортшысы Джессика Пегуладан ұтылды, есеп 5:7, 2:6.
Отандасымыз бұған дейін Қытайдағы турнирдің жартылай финалында 24 жастағы ресейлік Людмила Самсоновадан 2:0 есебімен жеңілген болатын.
Рыбакина Канкундағы жеңілісіне ұйымдастырушыларды кінәлап отыр. Айтуынша, жарыс өтетін спорт кешені матч өткізуге дайын емес, корттың сапасы да сын көтермейді. Бұған дейін аты аңызға айналған теннисші Новак Джокович те аталған спорт кешенінің жарысқа дайын емес екенін жазған болатын.
Ал, Рыбакина болса келесі кездесулерін әлемнің №1 ракетасы Арина Соболенко мен рейтинге 9-шы орында тұрған грекиялық Мария Саккариге қарсы өткізеді.