Халықаралық теннис қауымдастығы Елена Рыбакина бастаған спортшылардың сынына жауап қатты

Редактор
31.10.2023, 13:46

Олар қазақстандық теннисшінің сыны орынсыз дейді

Чемпионат.ру

Мексиканың Канкун қаласында теннистен өтіп жатқан халықаралық турнирдің алғашқы айналымында жеңілген қазақстан теннисші Елена Рыбакина корттың қолайсыз екенін айтып, WTA тарапына сын айтқан болатын. 

Осыдан кейін халықаралық теннис қауымдастығы қазақстандық спортшының уәжіне қатысты пікір білдіріп, жауап қатты.

Канкун қаласында өтіп жатқан жылдың қорытынды турнирінде отандасымыз алғашқы кездесуінде Джессика Пегуладан ұтылған еді. Ойыннан кейін ол корттың сапасы сын көтермейтінін айтты.

Елена Рыбакинаның сөзін белорусь теннисшісі Арина Соболенко мен марокколық Онс Жабер де растады. 

Алайда, халықаралық теннис қауымдастығы аталған уәжге қарсы пікір білдірді. Олардың сөзінше, Канкундегі корт талапқа сай және әлемдік стандарт бойынша төселген.

«Біз WTA-ның Канкундағы қорытынды турнирін алғаш рет өткізгенімізге бек қуаныштымын. Әлемнің үздік сегіз теннисшісі мен жұптық командалары бір-бірімен бәсекелесетін стадион салу үшін көп жұмыс істедік. Командамыз стадион мен корттың біздің қатаң өнімділік стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін ауа-райын ескере отырып көп жұмыс атқарды», - деді WTA өкілдері БАҚ-қа берген сұхбатында.

Мексиканың Канкун қаласында өтіп жатқан халықаралық қорытынды турнир алдағы уақытта жалғасын табады. Оған әлемнің үздік ракеткалары қатысып жатыр.