Бұл сында Жұқаев 17 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың екеуін пайдалана алды
Қазақстан теннисшісі, әлемнің 201-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Мехико челленджер турнирінің ширек финалына шықты.
Мексика турнирінің 5-ракеткасы болып тіркелген отандасымыз екінші айналымда рейтингіде 685-сатыда тұрған , 18 жастағы мексикалық Родриго Пачеко Мендестен басым түсті.
Бұл сында Жұқаев 1 сағат 13 минутқа созылған матчта қарсыласынан 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетіп отыр. Бұл сында Жұқаев 17 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың екеуін пайдалана алды.
Енді Бейбіт Жұқаев жартылай финалға шығу үшін әлемдік рейтингтегі 212-ракеткасы, Канада теннисшісі Алексис Галарномен өзара мықтыны анықтайды.
Сондай-ақ, ол ATP Live рейтингісінде қайта жоғарылап, 190-орынға тұрақтап отыр.