Рыбакина жыл басынан бері қанша табыс тапты

Редактор
05.04.2024, 16:05

Ең көп табысты әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентек тауып отыр

WTA

Маусымдағы қиындықтарға қарамастан Қазақстанның бірінші ракеткасы қомақты қаржылай пайда тапқан.

Биыл Рыбакина жеті турнирге қатысып, соның төртеуінде финалға шықса, біреуінде – Mubadala Abu Dhabi Open-де жеңіске жетті. Өзге финалдардағы жеңілісіне қарамастан әлемдік рейтингтегі төртінші орнын сақтап қалды.

Осылайша, ол 2024 жылы тапқан табысы бойынша WTA үздік ондығының қатарынан табылды. 

  • Ига Швентек, Польша — 2,58 млн доллар; 
  • Арина Соболенко, Беларусь — 2,4 млн;
  • Чжэн Циньвэнь, Қытай — 1,54 млн; 
  • Елена Рыбакина, Қазақстан — 1,47 млн; 
  • Мария Саккари, Грекия — 1,31 млн; 
  • Кори Гауфф, АҚШ — 1,25 млн;
  • Жасмин Паолини, Италия — 1,19 млн;
  • Анна Калинская, Ресей — 0,94 млн; 
  • Марта Костюк, Украина — 0,89 млн; 
  • Элизе Мертенс, Германия — 0,87 млн.