Юлия Путинцева әлемдің рейтингте 50-орынға көтерілді

Редактор
08.04.2024, 10:41

Рыбакина болса өз орнын сақтап қалды

WTA

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) теннисші қыздардың рейтингін жаңартты. Дегенмен, көш басында айтарлықтай өзгеріс жоқ.

Алғашқы үштікте Ига Швентек (Польша), Арина Соболенко (Беларусь) және Кори Гауфф (АҚШ) келеді. Қазақстандық Елена Рыбакина да төртінші сатыда қалды.

Ал, Қазақстранның екінші ракеткасы саналатын Юлия Путинцева болса екі сатыға жоғарылап, 50-орынға жайғасты. Ол соңғы екі турнирінде ширек финалға дейін жетіп сүрінген болатын.

Жұптық сында өнер көрсететін Анна Данилина болса 51-ден 54-орынға төмендеді.