Қазақстандық теннисші су жаңа Porsche Taycan Turbo S Sport Turismo автокөлігін жеңіп алды
Германияның Штутгарт қаласында аяқталған WTA 500 турнирінде жеңімпаз атанған Елена Рыбакинаны мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.
«Елена Рыбакинаны Штутгартта өткен беделді теннис турнирінің жеңімпазы атануымен құттықтаймын. Қазақстанның бірінші ракеткасы биылғы маусымда осымен үшінші турнирде жеңіске жетіп отыр. Бұл – үлкен жетістік. Даңқты теннисшімізге толағай табыс тілеймін», - делінген президенттің Instagram-парақшасында.
Айта кетейік, Рыбакина финалда украиналық теннисші Марта Костюкті 6:2, 6:2 есебімен оңай ұтып, мансабында алғаш рет Штутгарт турнирін жеңіп алды. Жартылай финалда ол әлемнің бірінші ракеткасы – поляк Ига Швентектен басым түскен болатын.