Оған рейтингтік 500 ұпай да берілді
Штутгартта өткен WTA 500 турнирін жеңіп алған қазақстандық теннисші Елена Рыбакина өзіне берілген Porsche Taycan автокөлігінің фотосымен бөлісті.
Финалда Рыбакина украиналық теннисші Марта Костюкпен кездескен болатын. Екі сетке созылған матч 6:2, 6:2 есебімен аяқталды.
Айта кету керек, жерлесіміз Штутгарттағы дәстүрлі турнирді мансабында алғаш рет жеңіп алды. Оған рейтингтік 500 ұпаймен қатар Porsche Taycan автокөлігі сыйға берілді. Ал, бұған дейін Рыбакина өзінде әліге дейін автокөлік жоқ екенін айтқан болатын. Тіпті, жүргізуші куәлігін де әлі алмапты.
Осы жеңісінен кейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны әлеуметтік желі арқылы құттықтады.