«Жедел жәрдем шақырыңыздар»: Рыбакинаны көрген танымал блогер қуанышын жасыра алмады

23.04.2024, 01:49

Мадридте WTA 1000 турнирі басталады

twitter.com/lidia_rebel

Күні кеше Штутгарт қаласындағы WTA 500 турнирін жеңіп алған қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Испания астанасына кезекті жарысына келді. Ал, оны кездейсоқ кездестірген танымал блогер қуанышын жасыра алмай, бірге фотосуретке түскен.

Испаниялық блогер Лидия Ребель Рыбакинаны бұрыннан өзінің кумирі санайды. Ол Twitter желісінде Қазақстан теннисшісі туралы да аз жазбаған. Бұл жолы даңқты спортшыны кездейсоқ кездестіргенде қуаныштан «жүрегі жарылып» кете жаздағанын айтады.

«Жедел жәрдем шақырыңыздар! Елена Андреевна Рыбакинаны бүгін көремін деп ойламадым! Менің жүрегім», - деп жазды Ребель өзінің Twitter-парақшасында.

Айта кетейік, осы аптада Мадридте WTA 1000 турнирі басталады. Бұл жарысты Рыбакина екінші айналымнан бастамақ.