Елена Рыбакина «Жыл серпілісі» аталымын ала алмады
Сербиялық теннисші Новак Джокович Laureus World Sports Awards нұсқасы бойынша 2023 жылдың үздік спортшысы атанды. Сыйлықты табыстау рәсімі Испания астанасы Мадридте өтті.
Джокович мансабында бұл атаққа бесінші рет қол жеткізіп отыр. Серб бұған дейін 2012, 2015, 2016 және 2019 жылдары үздік деп танылған.
Бұл атаққа үміткерлер тізімінде Новак Джоковичтен бөлек Лионель Месси (футбол), Макс Ферстаппен (Формула-1), Мондо Дюплантис (жеңіл атлетика), Эрлинг Холанд (футбол) және Ноа Лайлс (жеңіл атлетика) болған.
2023 жылы аталған сыйлық Лионель Мессиге, 2022 жылы Макс Ферстаппенге, ал 2021 жылы Рафаэль Надальге бұйырды.
Айта кетерлігі, 2023 жылы Laureus сыйлығына үміткерлер тізімінде қазақстандық теннисші Елена Рыбакина да болған, бірақ «Жыл серпілісі» аталымы испаниялық теннисші Карлос Алькарасқа бұйырды.
Жыл қорытындысы бойынша үздік спортшыға табысталатын Laureus World Sports Awards 1999 жылдан бері ұйымдастырылып келеді.