ATP 250 «Almaty Open» турнирін ұйымдастыруға қанша қаражат жұмсалады?

30.04.2024, 23:44

Жарысқа кемі 15 елден теннисшілер қатысады

Қазақстан теннис федерациясы

Бірнеше жылдан бері Астанада өтіп жүрген турнирдің биыл Алматыға ауысатыны айтылған болатын. «Дядя Ваня» Telegram-каналы аталған жарыс мегаполис үшін қанша теңге шығын алып келетінін есептеп көрді. 

Тартысты бәсеке 13-20 қазан «Almaty Arena» спорт кешенінде өтеді. Жарыстың жүлде қоры – $1 036 700.

«Алматы АТР 250 сериясымен өтетін турнирді қабылдау құқығына заңды түрде ие болып отыр, өйткені өткен ғасырдың 20-жылдары осы қалада Қазақстан теннисі дами бастады», - делінген Теннис федерациясы таратқан хабарламада.

Дереккөздің мәліметінше, күні кеше мемлекеттік сатып алулар сайтында ATP 250 «Almaty Open» өткізу бойынша тендердің шарттары жарияланды. Құжаттағы мәліметке сүйенсек, Алматы қаласындағы спорт басқармасы бұл мақсаттарға 772,3 миллион теңге (айырбас бағамы бойынша – 1,74 миллион доллар) жұмсауға дайын.

Ұйымдастырушылардың болжауынша, аталмыш додаға кемінде 15 елдің теннисшілері қатысады.

Материалда: