Рыбакина – Путинцева: сарапшылар қазақстандық дербиде кімнің жеңетінін болжады

Редактор
01.05.2024, 11:38

Бұған дейінгі екі матчта да Путинцева жеңіп кеткен

Bestnews.kz

Ресейлік livesport.ru сайтының сарапшылары Мадридтегі WTA 1000 турнирінің ширек финалдық кездесуіне болжам жасады. Аталған матч қазақстандық қос теннисші: Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева арасында өтеді.

Путинцева

Юлия бізді таң қалдырудан жалығар емес, ол осымен WTA 1000 сериясындағы екінші турнирде ширек финалға жетіп отыр. Наурыз айының соңында ол Майамиде өткен үлкен жарыста сегіздікке кірді. Осы Мадридтегі турнирдің төртінші айналымында Юлия ресейлік азулы қарсыласы Дарья Касаткинаны 3:6, 6:2, 6:2 есебімен жеңді. Иә, ол бірінші сетте 3:0 есебімен жеңіп тұрып, қатарынан алты геймді қарсыласына беріп қойды. Бірақ, келесі екі сетте Касаткинаға еш мүмкіндік берген жоқ. Ал, оған дейінгі үш қарсыласын да таза жеңді.

Рыбакина

Елена ширек финалға дейін еш қиындықсыз жетті. Бірінші айналымда ол италиялық Лючия Бронцеттиді 6:4, 6:3 есебімен, египеттік Майар Шерифті 6:1, 6:3 есебімен, чех Сара Бейлекті де 6:1, 6:3 есебімен жеңді.

Бұған дейін Рыбакина Штутгартта өткен WTA 500 турнирінде чемпион болды. Ал, оның алдында Майами турнирінің финалына дейін жеткен болатын.

Болжам

Бұған дейін қос теннисші екі рет кездесіп, екеуінде де Путинцева жеңіске жеткен. Алғашқы матч 2020 жылы Римде, екіншісі 2021 жылы Индиан-Уэллсте болған еді.

Бұл жолы сөзсіз Рыбакина ойсырата жеңіске жетіп, өзара есепті қысқартады, - деп жазылған аталған БАҚ-та.

Айта кетейік, қос қазақстандық арасындағы матч бүгін Астана уақытымен 14:00-ге жоспарланған.