Путинцева шешуші үшінші сетте 5:2 есебімен алда тұрып, жеңісті беріп қойды
Бүгін теннистен Мадрид WTA 1000 турнирінің ширек финалында қос қазақстандық теннисші кездесті. Әлемдік рейтингте төртінші тұрған Елена Рыбакина тағы бір отандасымыз Юлия Путинцевамен жолықты.
Алғашқы партияда Рыбакина 2:1 есебімен алға шыққан. Бірақ одан кейін Путинцева күш алды. Ол бірінші кезеңді 6:4 есебімен аяқтады.
Екінші партияда ойын тай-брейкке дейін жетті. Шешуші сәтте жүйкесі шыдамды Елена шеберлік танытып, таразы басын теңестірді. Екінші кезеңнің есебі – 7:5.
Үшінші шешуші партияда Юлия Путинцева тіпті 5:2 есебімен алға шыққан. Ойынды жеңіспен аяқтайтындай мүмкіндігі де болған. Алайда, қарсыласына таразы басын теңестіруге ғана емес, жеңісті жұлып алуға да мүмкіндік беріп қойды.
Осылайша, Рыбакин Mutua Madrid Open турнирінің жартылай финалына өтті. Қазақстан теннисшілерінің алғаш рет Мадридтегі жарыста жартылай финалда ойнамақ. Енді оның қарсыласы
Мирра Андреева (№43) мен Арина Соболенконың (№2) бірі болмақ.