Рыбакина әлемдік рейтингте өз орнын сақтап қалды

Редактор
07.11.2023, 12:36

Қазақстандық өзге теннисшілер де рейтингтегі жағдайын жақсартты

instagram.com/wta/

Таяуда Мексиканың Канкун қаласында аяқталған WTA-ның қорытынды турнирінде жеңіліп қалғанына қарамастан, рейтингтегі орнын сақтап қалды.

Аталған турнирде польшалық Ига Швентек финалда АҚШ теннисшісі Джессика Пегуладан басым түсіп, жеңімпаз атанды. Осы жеңісінен кейін Пегула WTA рейтингінде кейін дүниежүзілік рейтингте қайтадан бірінші орынға шықты. Ал екінші орынға беларусь өкілі Арина Соболенко тұрақтаса, АҚШ теннисшісі Кори Гауфф үздік үштікті түйіндеп тұр. Бұл ретте қазақстандық Елена Рыбакина бұрынғы төртінші орнынан жылжыған жоқ.

Бұдан бөлек, Қазақстан теннисшісі Юлия Путинцева рейтингіде 70-тен 69-ға көтеріліп отыр. Сондай-ақ, Тунистегі турнирде жеңімпаз атаған Жібек Құламбаева 160-тан 151-ге жоғарылап, рейтингін жаңартты.