Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Әлемдегі ең сұлу теннисшілердің бірі мансабын аяқтады

Редактор
10.05.2024, 09:59

Ол төрт рет WTA турнирлерін жеңіп алған

WTA

Танымал италиялық теннисші Камила Джорджи 32 жасында мансабын аяқтау туралы шешім қабылдады.

Әзірге теннисшінің өзі ресми түрде ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. Дегенмен, оның есімі Теннистегі адалдықты қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық агенттіктің (ITIA) сайтында мансабын аяқтаған теннисшілер тізімінде пайда болған. Джорджи карьерасын аяқтаған уақыт деп 7 мамыр көрсетілген.

Джорджидің теннистегі басты жетістігі деп 2021 жылы Монреальда өткен WTA 1000 турниріндегі жеңісін айтуға болады. Әлемдегі ең сұлу теннисшілердің бірі саналатын Камила төрт WTA турнирінде топ жарған. 

Үлкен дулыға санатындағы аламанда ол 2018 жылы Уимблдонның ширек финалында өнер көрсетті. Сол жылы ол WTA рейтингінде 26-орынға көтерілді, бұл оның жеке рекорды.

Жарнама
Жарнама