Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Елена Рыбакина «Ролан Гаррос» турнирінің ширек финалына жетті

Редактор
03.06.2024, 15:50

Жартылай финалға шығу үшін ол Ясмина Паолини – Элина Аванесян кездесуінің жеңімпазымен өзара мықтыны анықтайды

instagram.com/rolandgarros/

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина «Ролан Гаррос» турнирінің ширек финалына шықты. 

Жерлесіміз бұл жолы украиналық Элина Сивтолинамен 1 сағат 10 минутқа созылған кездесуде 2:0 есебімен басым түсті. Ол бірінші сетті 6:4 есебімен аяқтаса, екінші кезеңде 6:3 нәтижесін тіркеді. 

Бұл екі теннисші арасындағы 4-ші кездесу. Оның екеуінде Свитолина жеңсе, екі ойын Рыбакинаның жеңісімен аяқталған.

Енді қазақстандық теннисші жартылай финалға шығу үшін Италия өкілі Ясмина Паолини мен ресейлік Элина Аванесян жұбының жеңімпазымен кортқа шығады.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама