Былтыр «Үлкен дулығада» сенсация жасаған қазақ теннисшісі «Ролан Гарросты» сәтті бастады

Редактор
04.06.2024, 09:28

Ол жұптық сында жеңіске жетіп, жекелейде ерте сүрінді

Australian Open

Теннистен Франция астанасында өтіп жатқан «Ролан Гаррос» турнирінде жасөспірімдер санатында жұптық кездесулер басталды.

Бұл сында қазақстандық Әмір Омарханов ресейлік Артем Дерепаскомен бірігіп, француз Антуан Фото/Даниэль Жадені қапы қалдырды. Кездесуде отандасымыз ойнаған жұп қарсыластарын 7:6 (7:5), 6:2 есебімен ұтты.

Енді олар келесі айналымда Чарли Камю (Франция)/Хайден Джонспен (Австралия) шеберлік байқасады.

Өкінішке қарай, Әмір жеке сында Испания теннисшісі Рафаэль Жадардан 2:6, 2:6 есебімен жеңіліп, жарысты аяқтады.

Сонымен қатар, бүгін Париж турнирінде Қазақстан теннисшілері Соня Жиенбаева мен Асылжан Арыстанбекова жұбы Эмерсон Джонс (Аустралия)/Виттория Паганеттиге қарсы ойын өткізеді.