Елена Рыбакина «Ролан Гаррос» турнирінің ширек финалында жеңіліп қалды

Редактор
05.06.2024, 20:38

Кездесу алдында берген сұхбатында Рыбакина көңіл-күйінің жақсы, денсаулығына шағым жоқ екенін айтқан еді

instagram.com/rolandgarros/

Қазақстаннң бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина «Ролан Гаррос» турнирін ерте аяқтады. Жерлесіміз ширек финалда италиялық Ясмин Паолиниден (#15) 1:2 есебімен жеңіліп қалды.

Матч алдында басты фаворит қазақстандық теннисші саналған. Алайда, бірінші сеттен-ақ Рыбакинаның ойыны жүрмеді. Жүрмегені сонша, ол алғашқы кезеңде 2:6 есебімен ойсырай жеңілді. Екінші кезең тартысты өтіп, қазақстандықтың пайдасына аяқталған – 6:4. Алайда, шешуші үшінші сетте тура осындай есеппен Паолини жеңіске жетті.

Екі сағат төрт минутқа созылған матчта Елена Рыбакина 47 рет қателескен, үш рет дабл-фол жасаған.

 

Ясмин Паолини әйелдер арасында әлемдік рейтингте 15-ші орында тұр. Енді ол жартылай финалда Ресей – Белорусь теннисшілері арасында кездесу жеңімпазымен кортта кездеседі.

Еске салайық, былтыр да қазақстандық теннисші «Ролан Гаррос» турнирінде жүлдеге іліне алмаған еді. Ол кезде отандасымыз үшінші айналымда жарысқа шығудан бас тартты.