Қазақстан командасы Германия, Словакия, Румыния, Бельгия, Ұлыбритания, Польша секілді елдерді басып озған
Халықаралық теннис федерациясы әлем бойынша әйелдер құрамалары арасында жаңартылған рейтингтісін шығарды. Командалық әлем чемпионатының қорытындысында Қазақстан ұлттық құрамы дүниежүзілік рейтингте 9-орынға тұрақтады.
Таяуда Испанияның Севилья қаласында өткен Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңінде командалар үш-үштен төрт топқа бөлініп, шеберлік байқасқан болатын. Қазақстан өз тобында Аустралияны артқа тастап, Словениядан кейінгі орынға тұрақтады. Сөйтіп, үздік сегіз команданың қатарына енген еді. Бірақ барлық құрамалардың көрсеткіштерін және бұрыннан жинаған ұпайларын есептегенде, қазақстандықтар 9-сатыға тұрақтап отыр.
Еліміздің теннис федерациясының мәліметінше, Қазақстан командасы Германия, Словакия, Румыния, Бельгия, Ұлыбритания, Польша секілді елдерді басып озған.
Биылғы сәуір айында Қазақстан әйелдер құрамасы әлемдік рейтингте жетінші орынға көтерілген еді.
2023 жылы Билли Джин Кинг кубогын өз тарихында алғаш рет иеленген Канада көш бастап тұр. Одан кейін Аустралия, Швейцария, Чехия, Италия, Франция, Испания, АҚШ, Қазақстан және Германия командалары орналасқан.