Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Елена Рыбакина Қазақстан құрамасында өнер көрсетуден бас тартты

Редактор
09.11.2023, 18:28

Ұлттық құрама Билли Джин Кинг кубогінде өнер көрсетіп жатыр

Фото ашық дереккөзден

Әлемнің төртінші ракеткасы саналатын қазақстандық теннисші Елена Рыбакина ұлттық құрамаға Аустралиямен болатын кездесуде көмектесе алмайды.

Қазақстан құрамасы Испанияның Севилья қаласында өтіп жатқан Билли Джин Кинг кубогінде өнер көрсетуде. Финалдық кезеңде жерлестеріміз Аустралия құрамасымен кездеседі. Елена Рыбакина денсаулығына байланысты бұл кездесуге қатысудан бас тартқан.

Аустралияға қарсы матчта мына теннисшілер кортқа шығады:

  • Сторм Хантер – Анна Данилина
  • Кимберли Биррелл – Юлия Путинцева
  • Сторм Хантер/Элен Перес – Анна Данилина/Жібек Құламбаева

Айта кетейік, Қазақстан аталған жарыста B тобында өнер көрсетіп жатыр. 9 қарашада жерлестеріміз Аустарлиямен кортқа шықса, 10 қарашада Словениямен ойнайды.

Жарыстың жүлде қоры 9,6 миллион доллар.

Жарнама
Жарнама