Юлия Путинцева Бирмингем турнирін жеңіспен бастады

Редактор
19.06.2024, 14:30

Келесі кездесуде ол украиналық Ангелина Калининамен кездеседі

instagram.com/yulia_putintseva/

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Бирмингем WTA 250 турнирін жеңіспен бастады. 

Отандық теннисші бірінші кездесуінде әлемдік рейтингте өзінен екі саты төмен тұрған француз Клара Бюрельді қапы қалдырды.

Ойын барысында алғашқы сет 6:3 есебімен аяқталды. Сет 3:3-ке жеткен тұста, отандасымыз қалған геймдің барлығында басым түсті. Ал екінші сет 6:4 есебімен тәмам болып, Путинцева сенімді түрде келесі кезеңге өтті.

Енді ол 1/8 финалда әлемдік рейтингте 47-орында тұрған Украина өкілі Ангелина Калининамен шеберлік байқасады.