Рыбакина неміс жеріндегі турнирді жеңіспен бастады

Редактор
20.06.2024, 16:32

Қазақстан спортшысы биыл шөптегі маусымды сәтті бастап отыр

Jimmie48 Photography, WTA

Әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина неміс жеріндегі WTA 500 турнирінде ресейлік теннисшіні ұтты.

Қазақстан спортшысы биыл шөптегі маусымды сәтті бастап отыр. Ол әлемнің 35-ші ракеткасына қарсы ойында 2:0 есебімен басымдық танытты.

Кездесудің алғашқы геймінде нәтиже 6:4 есебімен аяқталса, екінші партия ұзаққа созылып, 7:5 нәтижесімен отандасымыздың еншісіне жазылды.

Рыбакина келесі айналымда әлемнің 19-шы ракеткасы, Белорусь өкілі Виктория Азаренкоға қарсы ойын өткізеді. Азаренко алғашқы ойында грекиялық Мария Сакари мен түрік теннисшісі Зейнем Сонмезді 2:0 есебімен жарыс жолынан шығарды.