Екінші сетте украиналық теннисші бірде-бір геймді жеңе алған жоқ
Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Англияда өтіп жатқан Rothesay Classic WTA 250 турнирінің 1/8 финалында украиналық Ангелина Калининадан басым түсті.
Небәрі 57 минутқа созылған кездесу барысында Путинцева төрт эйс пен төрт рет брейк-пойнт тіркеп, қарсыласын ойсырата жеңді, есеп – 6:3, 6:0. Ал Калинина бес дабл-фол жасап, бірде-бір эйс жүзеге асыра алмаған. Сондай-ақ, украиналық теннисші бірде бір брейк-пойнт тіркей алмады.
Енді отандық спортшы сайыстың ширек финалында америкалық Кэролайн Долхайдпен кортқа шығады. Ол кеше бельгиялық Элизе Мертенсті жеңген болатын.
Осыған дейін жекелей сында турнирді сәтті жалғастырып келе жатқан Путинцева француз спортшысы Клара Бюрелді (43) 6:3, 6:4 есебімен ұтқан еді.