Юлия Путинцева Бирмингем турнирінің финалына шықты (ВИДЕО)

Редактор
22.06.2024, 17:37

Финалда ол Анастасия Потапова – Айла Томлянович арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі

WTA

Қазақстанның екінші ракеткасы саналатын Юлия Путинцева Бирмингемде (Ұлыбритания) өтіп жатқан WTA 250 турнирінің финалына шықты. 

Жартылай финалдық матчта жерлесіміз италиялық Элизабетта Коччиареттомен кездескен болатын. Екі сетте де қазақстандық теннисшінің мерейі үстем болды, есеп – 6:2, 6:2.

Айта кету керек, Путинцева әлемдік рейтингте 41-сатыда тұрса, қарсыласы 44-орында.

Финалда Путинцева Анастасия Потапова – Айла Томлянович арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі. Ақтық сын 23 маусымға жоспарланған.