Рыбакина Wimbledon турнирін жеңіспен бастады

Редактор
02.07.2024, 18:39

Әлемнің 4-ші ракеткасы 152 орында тұрған румын қызынан басым түсті

ҰОК

Лондонда өтіп жатқан Wimbledon турнирінде Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакина ірікте кезеңінде Руминия өкілі Елена Габриэланы жарыс жолынан шығарды.

Ол екі сетте де қарсыласына мүмкіндік бермей, 2:0 есебімен алға шықты. Бірінші партияда есеп 6:3 болса, екінші айналымда Рыбакина 6:1 нәтижесін көрсетті. Осылайша әлемнің 4-ші ракеткасы 152 орында тұрған румын қызынан басым түсті.

1/32 финалға шыққанда отандасымыз енді неміс теннисшісі Лаура Зигемундпен шеберлік байқасады.

Бұған дейін Зарина Диас бастаған Қазақстан теннисшілері іріктеу кезеңінде есе жіберіп, Wimbledon турнирінен тыс қалған еді.