Юлия Путинцева «Үлкен дулыға» турнирлерінің үш дүркін жеңімпазын ұтты

Редактор
03.07.2024, 09:29

Ойынды қарқынды бастаған жерлесіміз екі сетте матч тағдырын шешті

ҚТФ

Қазақстанның екінші, әлемнің 35-ракеткасы Юлия Путинцева Уимблдон турнирінің екінші айналымына шықты.

Путинцева алғашқы айналымда «Үлкен дулыға» турнирлерінің үш дүркін чемпионы 36 жастағы неміс теннисшісі Анжелика Кербермен кездескен болатын.

Ойынды қарқынды бастаған жерлесіміз екі сетте матч тағдырын шешті ­– 7:5, 6:3. Бір сағат 17 минутқа созылған ойында ол 2 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың үшеуін мүлт жіберген жоқ. Кербер 4 брейк-пойнттың біреуін ғана пайдаланды.

Юлия Путинцева енді әлемнің 36-ракеткасы чехиялық Катержина Синякова немесе рейтингіде 164-сатыдағы канадалық Марина Стакушичтің бірімен кездеседі.