Елена Рыбакина ойын алдында ресейлік қарсыласы туралы пікір білдірді

Редактор
08.07.2024, 17:07

25 жастағы ресейлік қыз турнир бойы бірде-бір сетте жеңілген жоқ

Robert Prange/Getty Images

Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің 1/8 финалында ресейлік теннисші Анна Калинскаямен кездеседі. Кездесу қарсаңында қазақстандық әйел қарсыласына баға берді.

Әлемдік рейтингте 18-ші орында тұрған Анна Калинская Уимблдондағы ең жақсы нәтижесін көрсетуде. 25 жастағы ресейлік қыз турнир бойы бірде-бір сетте жеңілген жоқ.

«Ол өте күшті бәсекелес және биыл тамаша ойнады. Калинская қиын қарсылас», - деп келтіреді Рейтер Рыбакинаның сөзін.

Спортшылар бір-бірімен төрт рет кездесті. Алғашқы үш кездесуде Калинская қазақстандық теннисшіден екі рет басым түсті. Олардың соңғы ойыны 2023 жылдың мамыр айына жоспарланған болатын. Алайда ресейлік теннисші кейін жарақатына байланысты жарыстан шығып қалды. Осылайша, жеке кездесулердегі есеп бұрынғысынша 2:2.

Рыбакина бүгін, 8 шілдеде Уимблдонның орталық кортында Қазақстан уақыты бойынша сағат 17:30-да Калинскаямен кездеседі.