Юлия Путинцева латыш теннисшісінен ойсырай жеңілді

Редактор
08.07.2024, 21:55

Ал, Елена Рыбакина ресейлік қарсыласын оңай жеңіп, ширек финалға шықты

WTA

Уимблдон турнирінің басты сенсациясын жасаған қазақстандық теннисші Юлия Путинцева жеңісті жолын жалғастыра алмады. 1/8 финалда жерлесіміз латвиялық Елена Остапенкодан 2:6, 3:6 есебімен ойсырай жеңілді.

Айта кетейік, Путинцева әлемдік рейтингте 35-орында болса, Остапенко 14-ші сатыда тұр.

Екеуара кездесу небәрі 1 сағат 9 минутқа созылды. Бұл уақытта Юлия бірде-бір эйс жасамай, екі дабл-фолға жол берді.

Еске салайық, бұған дейінгі матчта Путинцева әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекті жеңіп, биылғы Уимблдон турнирінің сенсациясын жасаған болатын.