Рыбакина 31-орында тұрған Крейчиковаға жол берді
Лондонда теннистен өтіп жатқан Уимблдон турнирінің жартылай финалына шыққан Елена Рыбакина чехиялық Барбора Крейчиковадан ұтылып қалды
2 сағат 9 минутқа созылған ойында әлемнің 4-ші ракеткасы Рыбакина 31-орында тұрған Крейчиковаға 2:1 есебімен жол берді.
Бірінші сетте қазақстандық теннисші 6:3 есебімен алға шықты. Ойын басталған сәтте Рыбакина қатарынан 2 брейк жасап, 4:0 есебімен алға шықты. Дегенмен, Крейчикова да өз мүмкіндігін пайдаланып, алғашқы сеттің соңында 2 брейк жасады. Соған қарамастан тайм Рыбакинаның еншісіне жазылды.
Ал екінші партияда чех теннисшісі басымдықты қолға алды. Ол 6-шы геймде брейк жасап, басымдыққа ие болды. Осылайша екінші сет 6:3 есебімен Барбораның пайдасына шешілді.
Шешуші сетте екі теннисші де өте сақ ойнады. Алайда 7-геймде Рыбакина өз мүмкіндігін толық пайдалана алмай, брейкке жол берді. Осылайша Барбора 6:4 есебімен сетті аяқтап, жеңіске жетті.
Ол енді финалда әлемнің 7-ші ракеткасы Ясмин Паолинимен шеберлік байқасады.