XXI ғасырдың ең үздік үш теннисшісі белгілі болды

Редактор
24.07.2024, 13:02

ATP рейтингінің қазіргі лидері аталған тізімге енбеді

Getty Images

ESPN басылымы XXI ғасырдың ең үздік теннисшілерінің тізімін жасады. Сарапшылар ғасырдың ең үздігі деп швейцариялық Роджер Федерерді атаған.

Рейтинг жасайтын кезде басылымның бүкіл әлемдегі филиалдары өз кандидаттарын ұсынған. Сосын 70 мың адам дауыс беріп, мықтыларды анықтапты.

Осылайша, бірінші орынды «Үлкен дулыға» турнирлерін 20 рет ұтып алған Роджер Федерер иемденсе, серб Новак Джокович екінші орында. Оның еншісінде 24 «Үлкен дулыға» бар екенін айта кету керек. Ал, үздік үштікті испан теннисшісі Рафаэль Надаль (22 Үлкен дулыға) қорытындылады.

Айта кетейік, Федерер теннистегі мансабын 2022 жылы аяқтады. Соңғы рет ол Лондондағы Лэйвер кубогінде Надальмен жұп құрап өнер көрсетті.