Олимпиадаға екі күн қалғанда Қазақстан қоржыны тағы бір лицензиямен толықты

Редактор
25.07.2024, 10:42

Бұған дейін ел қоржынында 90 лицензия болған

Getty Images

24 шілдеде Қазақстан қоржыны тағы бір олимпиадалық лицензиямен толықты. Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, Елена Рыбакина мен Александр Бубликтің жұбы теннистің микст түрі бойынша өнер көрсетеді.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан спортшылары Париж Олимпиадасына 90 жолдама жеңіп алғаны ресми айтылған болатын. Барлығы 82 атлет ел намысын қорғайды. Олардың қатарында Рыбакина да, Бублик те бар-тын және олар жекелей сында бағын сынайды деп жоспарланған. Енді жұп болып та ел қоржынына медаль салатын мүмкіндік туып отыр.

Микст сыны бойынша жеребе тарту рәсімі 25 шілдеде өтеді. Ал, Олимпиаданың алауы 26 шілдеде тұтанады.