Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Үмітті ақтай алмағаным өкінішті»: Елена Рыбакина мәлімдеме жасады

Редактор
25.07.2024, 22:07

Ол өзге қазақстандық спортшыларға жанкүйер болуға уәде берді

Қазақстан теннис федерациясы

Париж Олимпиадасына қатысудан бас тартқан Елена Рыбакина қазақстандықтарға арнап үндеу жариялады.

Айта кетейік, Париждегі ойындар басталуға бір күн қалғанда теннистегі басты фавориттердің бірі Елена Рыбакина Францияға келе алмайтынын мәлімдеді. Артынша белгілі болғандай, теннисші өткір бронхит ауруымен ауырған екен.

«Уимблдон турнирінен кейін мен өткір бронхитке шалдықтым. Жаттығуға қайта оралуға қанша тырысқаныммен, ағзам сол күйі қалыпқа клеген жоқ. Дәрігерлер кортқа шығуыма үзілді-кесілді тыйым салып отыр.

Париж Олимпиадасында ұлттық құраманың намысын қорғап, сіздердің үмітті ақтай алмайтыным өкінішті. Токиода жүлдеге бір табан жақын болып едім, содан кейін Париждегі ойындарда Қазақстанға алтын сыйлаймын деп жоспарладым. Өкінішке қарай, ауруым бұл жоспарымды жүзеге асырмады.

Қазақстан спортшыларына Парижде сәттілік серік болсын. Біздің барлық атлетке жанкүйер болам. Олар Қазақстан намысын абыроймен қорғайтынына сенем. Алға Қазақстан!» - деді Рыбакина.

Айта кетейік, Париждегі Олимпиада алауы 26 шілдеде тұтанады.

Жарнама
Жарнама