Қазақстан теннисшілері Дэвис кубогінің іріктеуін Аргентинаға қарсы ойынмен бастайды

Редактор
27.11.2023, 11:54

Екі құрама осыған дейін өзара екі рет кездескен

olympic.kz

Теннистен Дэвис кубогінің 2024 жылғы іріктеу кезеңіндегі Қазақстан құрамасының қарсыласы белгілі болды. Ұлттық теннис федерациясының мәліметінше, Юрий Щукиннің шәкірттері сырт алаңда Аргентина құрамасымен кездеспек. Бұл матч 2024 жылы 2-3 немесе 3-4 ақпанында өтеді.

Қазақстан мен Аргентина осыған дейін өзара екі рет ойнаған болатын. 2011 жылы ширек финалда қазақстандықтар Буэнос-Айресте 0:5 есебімен есе жіберсе, 2017 жылы Астанада плей-офқа іріктеу сатысында Қазақстан 3:2 есебімен басым түсті. Қазір әлемдік рейтингіде Қазақстан – 13, Аргентина 19-орында келеді. 

Сондай-ақ, теннистен Билли Джин Кинг кубогі іріктеу кезеңінің жеребесі де тартылды. Қазақстандық әйелдер құрамасы командалық әлем чемпионатының іріктеу сатысында Жапониямен ойнайды. Аталған матч 2024 жылдың 12-13 сәуір күндері Жапонияда өтеді. Жеңген команда финалдық кезеңге жолдама алады. Іріктеу матчы төрт жекелей және бір жұптық кездесуден тұрады.

Материалда: