Жұптық сында Рыбакина жақсы нәтиже көрсеткен емес
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемдік рейтингте жұптық сын бойынша төмен сырғыды. Отандасымыз бір саты төмендеп, 123-орынға тұрақтаған.
Бұдан бөлек, жұптық сындағы тағы бір қазақстандық теннисші Анна Данилина 56-орнын әзірге сақтап қалды.
Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жұптық сындағы рейтингтен бөлек жекелей сын бойынша тізімді жаңартқан болатын.
Бұл сында еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина өзінің бұрынғы төртінші орнында болса, Юлия Путинцева 68-сатыда тұрақтаған.