Қазақстандық жас теннисшілер халықаралық турнирде топ жарды

Редактор
26.08.2024, 15:59

Турнирлер Барселона, Ферғана қалаларында өткен

Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисшілер Дамир Жалғасбай, Сәтима Төреген және Анастасия Крымкова жұптық сында 18 жасқа дейінгілер арасында ITF Juniors турнирлерінде үздік атанды.

Дамир Жалғасбай Барселонада J100 бәсекесінің жеңімпазы атанды. Қазақстандық теннисші франциялық Николь Робермен бірге финалда украиналық Максим Колобишко мен испаниялық Ноа Лопезді 2:0 (7:5, 6:3) есебімен қапы қалдырды.

Ал жекелей сында Дамир финалға шығып, шешуші бәсекеде испаниялық Тито Чавеске есе жіберді. Кездесу нәтижесі 4:6, 1:6 есебімен испан ойыншысының пайдасына шешілді.

Айта кететін жайт, Дамир Жалғасбай Польшада J100 додасында топ жарып, соның нәтижесінде жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингіде ТОП-200-ге енді.

Бұдан бөлек, Өзбекстанның Ферғана қаласында ITF Juniors J100 турнирі аяқталды. Бұл сында қыздар арасында Сәтима Төреген мен Анастасия Крымкова чемпион атанды. Қазақстан теннисшілері финалда ресейлік Алена Харченко мен Кира Плишвитчеваны 2:0 (6:3, 6:1) есебімен ұтты.

Материалда: