US Open: Александр Бублик қытайлық теннисшіден жеңіліп қалды

Редактор
27.08.2024, 00:32

Ол былтыр да дәл осы турнирде бірінші кездесуінде жеңілген болатын

Reuters

«Үлкен дулыға» санатындағы US Open турнирін қазақстандық Александр Бублик (#27) бірінші айналымнан аяқтады. Отандасымыз қытайлық Шан Цзюнчэннен (#72) 2:3 есебімен жеңілді.

Әлемдік рейтингте қазақстандық теннисші қарсыласынан әлдеқайда жоғары орында тұрғанымен, матчтың фавориті ретінде Шан Цзюнчэн саналды. Тиісінше, ол аса тартысты өткен кездесуді жеңіп шықты. Матч 3 сағат 36 минутқа созылып, 6:4, 3:6, 5:7, 6:3, 6:4 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, Қазақстанға Ресейден қоныс аударған Бублик былтыр да дәл осы турнирді бірінші айналымнан аяқтаған болатын. Оның US Open-дегі ең үздік нәтижесі – үшінші айналымға дейін жетуі.