Ол қазақстандық теннисшіні алты жылдан бері жаттықтырып келген
Теннис туралы жазатын журналист Крейг Шапиро өзінің Х-тегі парақшасында Стефано Вуков бапкерлік қызметтен шеттетілгенін мәлімдеді.
«Сенімді дереккөздер Вуковтың WTA бапкерлерінің ресми тізімінен шығарылғанын жеткізді. Бұл дегеніміз жаттықтырушы дисквалификация алды дегенді білдіреді», - деп жазды Шапиро.
Өздеріңіз білетіндей, Вуков 2019 жылдан бері қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның бапкері қызметін атқарып келді. Жақында ғана қазақстандық теннисші бұл маманмен жұмысты тоқтатқанын мәлімдеген еді.
Ал кеше әлемнің төртінші ракеткасының денсаулығына байланысты US Open турниріндегі жарыс жолын жарақатына байланысты тоқтатқаны белгілі болды. Бірақ нақты қандай жарақат екені айтылмаған.