Данилина-Хромачева 6:4, 6:4 есебімен басым түсіп, ширек финалға өтіп отыр
Теннистен АҚШ-тың ашық біріншілігінде қазақстандық теннисші Анна Данилина ресейлік Ирина Хромачевамен бірге үшінші айналымда ұлыбританиялық Оливия Николс – словакиялық Тереза Михаликовадан басым түсті.
Данилина-Хромачева 6:4, 6:4 есебімен басым түсіп, ширек финалға өтіп отыр. Енді Анна Данилина-Ирина Хромачева жартылай финалға шығу үшін украиналық Людмила Киченок – латвиялық Елена Остапенкомен шеберлік байқасады.
Бұған дейін Анна Данилина финляндиялық Харри Хелиоваарамен бірге аралас сында жартылай финалға өте алмаған еді.
Отандасымыз финляндиялық Харри Хелиёваарамен бірге кортқа шыққанымен, жеңісті уысынан шығарып алды. Данилина жұбымен бірге ширек финалда америкалықтар Тейлор Таусенд пен Дональд Янгтен айласын асыра алмады.
Кездесудің бірінші сетінде Данилина мен Хелиёваара 7:6 есебімен басым түскенімен, екінші кезеңде 3:6 нәтижесімен басымдықты беріп қойды. Ал шешуші үшін сетте нәтиже 8:10 есебімен америкалық теннисшілердің пайдасына бұйырды.