Қазақстан теннисшілері Дания құрамасымен Дэвис кубогында кездеседі

Редактор
04.09.2024, 13:14

Жеңімпаз құрама 2025 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне жолдама алады

ktf.kz

Астанада теннистен 14-15 қыркүйек күндері Қазақстан құрамасы Дэвис кубогының бірінші Әлемдік тобында Даниямен матч өткізетін болды.

Юрий Щукин бастаған бапкерлер тобы кездесуде ел намысын қорғайтын ойыншылар тізімін мәлімдеді.

Қазақстан құрамасы Александр Бублик, Александр Шевченко, Бейбіт Жұқаев, Тимофей Скатов және Александр Недовесов сынға түсетін болды.

Ал Дания құрамасының капитаны Фредрик Нильсен Аугуст Хольмгрен, Йоханнес Ингилдсен, Эльмер Меллер, Филипп Херт және Кристиан Сигсгаард сынды әріптестеріне сенім артып отыр.

Сондай-ақ, Дания құрамында әлемнің 15-ракеткасы Хольгер Руне ойнамайды.

Дэвис кубогы кезеңіндегі ойындар Астанадағы Beeline Arena орталығының хард төсенішіндегі корттарда өтеді. Сонымен бірге, бұл іріктеу матчтары үш сеттік форматта төрт жекелей және бір жұптық кездесу бойынша жалғасады.

Турнир нәтижесінде Қазақстан – Дания кездесуінің жеңімпазы 2025 жылы ақпанда өтетін командалық әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне жолдама алмақ.

Материалда: