Ол Гонконг теннисшісі Чаку Вонгуға есе жіберді
Қазақстан теннисшісі Бейбіт Жұқаев Қытайдағы халықаралық турнирде жартылай финалға шыға алмады.
Отандасымыз ширек финалда Гонконг теннисшісі Чаку Вонгуға 2:0 есебімен жол беріп, жарысты аяқтауға мәжбүр болды.
Кездесудің алғашқы сетінде нәтиже 6:7 есебімен Вонгудың пайдасына шешілді. Ал екінші партияда отандасымыз өз мүмкіндігін мүлт жіберіп алып, 3:6 нәтижесімен аяқталды. Осылайша матч 1 сағат 36 минутқа созылып, Жұқаевқа Шанхай турнирінен үйге қайтуға тура келді.
Бұған дейін Бейбіт Қытайдағы халықаралық турнирде 1/16 финалда Чили Аустралия теннисшісін ұтса, 1/8 кезеңінде Чили спортшысын қапы қалдырған еді.
Сондай-ақ, ол АҚШ-тың ашық біріншілігіне қатысып, қазақстандық Тимофей Скатовқа іріктеу кезеңдерінде жол берді.