Бұл туралы теннисші Instagram парақшасында жазды
Әлемнің үшінші, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина елдегі автокомпаниялардың бірінің амбассадоры атанды.
Компаниямен ынтымақтастық аясында ол Tennis for life бағдарламасының елшісі болады.
Спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында осы туралы жазды.
«Мен елші болғаныма қуаныштымын, өйткені мен де теннисті дамыту үшін мұндай қолдаудың қаншалықты маңызды екенін білемін», - дейді Елена Рыбакина
Естеріңізге сала кетейік, Рыбакина түрлі себептермен Қазақстан құрамасы сапында Париж Олимпиадасына қатысқан жоқ. Осыдан кейін елде теннисшіге қатысты хейт көбейген болатын.