Қазақстандық теннисші Сеулдегі турнирге қатыспайтын болды
Бірқатар шетелдік ақпарат көздерінің хабарлауынша, әлемнің төртінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Сеулде (Оңтүстік Корея) өтетін WTA 500 Korea Open турниріне қатыспайды.
Ubi Tennis-тің мәліметінше, ол АҚШ ашық чемпионатында алған жарақатынан әлі айыққан жоқ. Осыған байланысты бірінші айналымнан кейін АҚШ-тың ашық чемпионатынан бас тартуға мәжбүр болды. Оның орнын жеребе бойынша қытайлық Чжан Шуай басады.
Korea Open турнирі 16-22 қыркүйек аралығында өтеді.