Жібек Құламбаева ITF W35 турнирін жеңіспен бастады

Редактор
12.09.2024, 14:56

Отандасымыз бразилиялық қарсыласынан басым түсті

ҰОК

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Доминикан Республикасындағы ITF W35 турнирін сәтті бастады.

Құламбаева алғашқы айналымда жарыстың үшінші ракеткасы, бразилиялық Каролина Борер Мартинештен 6:1, 6:3 есебімен басым түсті.

Келесі айналымда Жібек испаниялық Виктория Гомеске қарсы ойнайды. 

Бұған дейін Құламбаева жұптық сынды да жеңіске жеткен болатын. 

Материалда: