Жарысты Александр Бублик бастайды
Астанада Қазақстан мен Дания құрамалары арасында «Дэвис Кубогының» бірінші әлемдік топ бәсекесінің жеребесі өтті.
14 қыркүйекте Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Эльмир Мёллерге қарсы кездесу өткізеді. Ол кортқа бірінші шығып, жарыс бағдарламасын ашады.
Содан соң, кортқа Александр Шевченко мен Август Хольмгрен шығады.
15 қыркүйек күні бағдарламаны жұптық сындағы ойыншылар бастайды: Александр Недовесов / Бейбіт Жукаев және Йоханнес Ингилдсен/Кристиан Сигсгаард.
Кейін екі жеке кездесу жоспарланған - Александр Бублик Август Хольмгренмен шайқасады, ал Александр Шевченкоға Эльмер Мёллер қарсылас болады.